Парақшаның жаңа нұсқасына өту

"Талдау" форумы

Жоғарғы Сот қызметінің басым бағыттарының бірі бірыңғай сот практикасын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі уақытта «Талдау» Форумы» электрондық сервисі іске асырылған. Ол істер және материалдар санаттарының бірыңғай жіктеуіші (бұдан әрі – ІСБЖ), сот практикасының қорытулары және Сот актілерінің дерекқоры негізінде құрылды, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жеке Нормативтік қаулыларын қамтиды.

ІСБЖ: 1) азаматтық істер және материалдар, 2) әкімшілік істер, 3) қылмыстық істер және материалдар бөлімдерінен, сондай-ақ атауы 953 деп есептелген істер санаттарынан құрылған.

Егер, жекелеген санаттар бойынша аздаған істер саны қаралған болса, онда Форумда осы санаттағы сот істерінің қарауын реттейтін заңнамаларына сілтемелері бар тиісті анықтамалар орналастырылатын болады.

Қорытулар заңнамадағы және сот практикасындағы өзгерістер есепке алына отырып, өңделеді деп жоспарлануда.

Осындай жұмыс Қазақстанда алғаш рет жүргізілуде. Ол 2015 жылдың қаңтар айынан басталды. Осы кезең ішінде 1,5 млн. құжат өңделді.

Соттарға бірыңғай сот практикасын қалыптастырудан басқа «Талдау» Форумы» сот актілері сапасын мониторингілеу, соттардың ағымдағы қызметтерін талдау, сот талқылауларына қатысушылардың, тәжірибеден өтуші заңгерлердің ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми және зерттеу жұмыстарында пайдалану үшін арналған. Кез келген ниет білдіруші Форумда орналастырылған материалдармен танысқаннан кейін өз пікіріңізді қалдыра алады. Сот практикасының проблемалы мәселелері бойынша пікір-таластың болу мүмкіндігі де жоқ емес.

Қазіргі кезде сервис пайдаланушыларында өздерінің алғашқы пікірлерін қалдыру мүмкіндіктері бар.

 

Пікір қалдыру ережелері

·     Түсініктеме қорыту тақырыбына сәйкес келу керек;

·     Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мазмұндағы түсініктемелерді жариялауға жол берілмейді;

·     Жарнамалық, не хабарландыру сипатындағы түсініктемелерді орналастыруға жол берілмейді;

·     Оқырмандар түсініктемелері өңделеді;

·     Модератор тақырыптан тыс немесе бір типті хабарламаларды (флуд) жарияламауға құқылы.