Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Әділет органдарына немесе жеке сот орындаушысына атқару парағын жіберу туралы арыз Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен тізімдегі сот органына арызды беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге арыздың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Құрметті Пайдаланушы!

Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оны соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қолдану қағидалары электрондық құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Төменде электрондық құжатқа қойылатын бірқатар талаптар және оны беру тәртібі келтірілген:

- Құжаттар мәтіндік форматта ресімделуі тиіс (қаріп 14 TimesNewRoman, жоларалық интервал).

- Әр құжат жеке файл ретінде жүктеледі.

- Файл атауы құжатты анықтауға мүмкіндік беруі керек.

- Файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.

- Электрондық құжаттың әрбір файлының мөлшері 20 Мегабайт аспауы тиіс.

- Электрондық құжатқа және құжаттардың көшірмелеріне рұқсат етілген форматтар: *doc, *docx, *pdf, *jpeg, *xlsx.

- Қағаз тасығыштағы құжатты сканерлеу 1:1 масштабта қара-ақ немесе сұр түсте (дюйміне 200-300 нүкте сапасы) жүргізілуі тиіс, бұл барлық деректемелер мен түпнұсқалықтың шынайы белгілерін, атап айтқанда: тұлғаның графикалық қолтаңбасын, бланктің мөрін және бұрыштық мөртабанын (бар болса) сақтауды қамтамасыз етеді. Істі қарау үшін қажет болған жағдайда құжатта түрлі-түсті графикалық кескіндер немесе түрлі- түсті мәтін болғанда толық түс беру режимінде сканерлеу жүзеге асырылады.

- салынған құжаттар оқылуы керек.

- салынған құжат атауына сәйкес келуі керек.

- салынған құжаттар мен материалдар қосымшаға сәйкес келуі тиіс. Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған жағдайда, сот Сіздің өтінішіңізді тіркеуден бас тартады.