l Сайттың ескі нұсқасына өту

Күтіңіз. Сауал орындалуда...

ҚР Жоғарғы Сотының сайты

SMART-СОТ КӨМЕК

Тіркелу

Артқа

Пайдаланушылық келісім

Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі – Келісім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (бұдан әрі - Сот кабинетінің иесі) мен осы Келісімнің 3 және 4-тармақтарына сәйкес тиісті түрде тіркелген және Ұлттық куәландырушы орталық (бұдан әрі – ҰКО) берген жеке электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) бар жеке/заңды тұлғалар (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасында www.office.sud.kz адресіндегі «Сот кабинеті» сервисін (бұдан әрі - Сот кабинеті) пайдалану жөніндегі қатынастарды реттейді.

1. Жалпы шарттар

1.1. Осы Келісімде мынадай ұғымдар қолданылады:

Сот кабинеті – бұл ҚР сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде рұқсат алудың бірыңғай терезесі;

Сот кабинетінің иесі – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (бұдан әрі – ҚР ЖС);

Сот кабинетінің пайдаланушысы – осы Келісімнің шарттарын қабылдаған жеке немесе заңды тұлға;

Сот кабинетінің әкімшісі – Сот кабинетіндегі есептік жазбаларды жасауға және жоюға, Сот кабинетіне рұқсат алу үшін өкілеттіктерді өзгертуге жауапты және Сот кабинетінде ақпаратты орналастыруға және ақпарат алмасуға уәкілетті Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.

1.2. Сот кабинетінің материалдары мен сервистерін пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.

1.3. Осы келісім жария оферта болып табылады. Пайдаланушылық келісімнің шарттарын қабылдап (акцепт), Пайдаланушы Сот кабинетінің материалдарына қол жеткізеді.

1.4. Сот кабинетінің әкімшілігі Сот кабинеті иесінің келісімімен кез-келген уақытта біржақты тәртіпте осы келісімнің шарттарын өзгертуге құқылы. Мұндай өзгерістер келісімнің бұдан бұрынғы нұсқасының күші автоматты түрде жойыла отырып, сайтта келісімнің жаңа нұсқасы орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) күн өткен соң күшіне енеді.

1.5. Пайдаланушы Келісімге енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда ол Пайдаланушының Жеке кабинеті арқылы Сот кабинетіне кіруден бас тартуға міндетті. Осының негізінде Пайдаланушы Сот кабинеті сервисінен жойылады.

Келісімнің күшіне енуі

Осы Келісім www.office.sud.kz «Тіркелу» бетіндегі Келісім мәтінінің астында орналасқан «Акцепт: Мен Келісімнің шарттарын қабылдаймын» Веб-интерфейсін басқару элементін басу арқылы Пайдаланушы олардың шарттарымен келісетінін білдірген соң күшіне енеді

3. Пайдаланушының тіркелу бойынша міндетемелері

3.1 Пайдаланушыда тіркелуге дейін ҰКО берген қолданыстағы ЭЦҚ-сы болуға тиіс.

3.2 Пайдаланушы мынадай тіркелу рәсімдерін орындауға тиіс:

3.2.1. 2-тармақта сипатталған жолмен осы Келісімнің шарттарымен келісетіндігін білдіру;

3.2.2. Өз ЭЦҚ-сын пайдаланып, Тіркелу нысанын толтыру;

3.3 Пайдаланушы Сот кабинетін пайдалануы үшін Тіркелу нысанында көрсетілген сұрақтар бойынша өзі туралы шынайы, нақты және толық ақпарат беруге тиіс.

3.4 Тіркелу үрдісінде Пайдаланушы өзінің жеке құпия сөзін өзі белгілейді.

3.5 Тіркелу үрдісін аяқтағаннан кейін Пайдаланушы Сот кабинетінің қызметтеріне рұқсат алады.

4. Тіркелген Пайдаланушының міндеттемелері

4.1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқық нормаларын, оның ішінде зияткерлік меншік, авторлық және/немесе сабақтас құқық салаларында бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін әрекеттерді, сондай-ақ Сот кабинеті сервистерінің жұмыс қабілеттілігін бұзатын немесе бұзуға әкеп соғуы мүмкін кез-келген әрекеттерді жасамауға келісімін береді.

4.2. Пайдаланушының Сот кабинетіндегі пікірлері мен басқа да жазбалары Қазақстан Республикасының заңнамасына және жалпы жұрт таныған моральдік және адамгершілік нормалардың талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

4.3. Пайдаланушы:

- Сот кабинетінің деректер қорына берген барлық ақпарат үшін;

- Сот кабинеті арқылы алынған электрондық сот құжаттарымен өзінің танысқаны, сондай-ақ ҚР АІЖК-нің 127-бабының қағидаларына сәйкес сот процесіне қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету фактісі үшін толық жауапкершілік көтеретінін түсінеді және қабылдайды.

5. Пайдаланушының құқықтары

5.1. Осы Келісімге сәйкес Сот кабинеті сервисін пайдаланады.

5.2. Жіберілген арыздар (өтініштер, шағымдар, наразылықтар және т.б.) туралы хабарламаларды алуы үшін сенімді өкілдердің деректерін қосады.

5.3. Пайдаланушыда Сот кабинетімен байланысты ескертпелер, ұсыныстар туындаған жағдайда office@sud.kz адресі бойынша техникалық қолдау қызметіне сәйкес сұранымды ресімдеуге құқылы.

6. Ақпараттық қауіпсіздік

6.1. Сот кабинетінің иесі Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының қол жеткізуі үшін оған сеніп тапсырылған құпия сөзді деректерді алмасу процесімен байланысты емес бөтен адамдардан құпия ұстауға тиіс.

6.2. Басқа адамдардың Пайдаланушының атынан рұқсатсыз кіруін және әрекеттер жасауын болдырмау үшін Пайдаланушы Сот кабинетіне авторланған қосылуды бақылаусыз қалдырмауға міндеттенеді. Олай болмаған жағдайда, Пайдаланушы оның атынан жасалған барлық рұқсатсыз әрекеттер үшін толығымен жауапкершілік көтереді.

6.3. Пайдаланушы өзінің есептеу құрылғысынан құпия сөзінің ұрлануын болдырмайтын жеке қауіпсіздік шараларын қолдануға тиіс.

6.4. Пайдаланушы құпия сөзді жоғалтқан не жариялаған жағдайда, Пайдаланушының құпия сөзін уақтылы ауыстыру міндеті Пайдаланушыға жүктеледі.

7. Қызметтерді көрсету кезіндегі үзілістер

Сот кабинетінің иесі Сот кабинеті жүйесінде жұмысты уақытша тоқтатып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге құқылы, осы ретте www.office.sud.kz бетінде пайдаланушыларды алдын ала хабардар етуге міндетті.

8. Өзге де шарттар

8.1. Осы келісімнен туындайтын немесе онымен байланысты барлық ықтимал даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

8.2. Пайдаланушылардың бірі Келісімнің ережелерін бұзған жағдайда Сот кабинетінің Әкімшісі тарапынан болған әрекетсіздік Сот кабинетінің иесін өз мүдделерін қорғау және заңнамаға сәйкес қорғалатын сот кабинетінің материалдарын авторлық құқықтық қорғау әрекеттерін жасау құқығынан айырмайды.

8.3. Сот кабинетінің иесі мен Әкімшінің мүдделеріне қауіп-қатер не залал келтіруге не осындай салдардың болуына әкеп соққан осы Келісімнің шарттары бұзылған жағдайда Пайдаланушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» деп аталатын 31-тарауына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық» деп аталатын 7-тарауына сәйкес жауапкершілік көтереді.