Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен тізімдегі сот органына шағым (наразылық) беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге шағымның (наразылықтың) жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» шағымды (наразылықты) қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Шағымның (наразылықтың) электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Шағымға (наразылықа) қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 832-бабы бірінші тармағының талаптарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 832-бабы екінші тармағына сәйкес салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшiрмесi тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде берiлуi мүмкiн.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 10 MB аспауы керек