Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Апелляциялық (жеке) шағым Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен іс бойынша сот актісін шығарған сотқа апелляциялық (жеке) шағым беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге апелляциялық (жеке) шағымның жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» апелляциялық (жеке) шағымды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Апелляциялық (жеке) шағымның электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Апелляциялық (жеке) шағымға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 403-бабы 3-бөлігіне сәйкес осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық шағым, наразылық – шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап берілуі, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғалар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін екендігіне назар аударыңыздар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 403-бабы 4-бөлігіне сәйкес уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер бойынша апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 418-бабы 1-бөлігіне сәйкес апелляциялық (жекеше) шағымдар, наразылықтар үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады.

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар мазмұнына Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 404-бабымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 423-бабымен талаптар қойылады.


Құрметті Пайдаланушы!

Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оны соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қолдану қағидалары электрондық құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Төменде электрондық құжатқа қойылатын бірқатар талаптар және оны беру тәртібі келтірілген:

- Құжаттар мәтіндік форматта ресімделуі тиіс (қаріп 14 TimesNewRoman, жоларалық интервал).

- Әр құжат жеке файл ретінде жүктеледі.

- Файл атауы құжатты анықтауға мүмкіндік беруі керек.

- Файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.

- Электрондық құжаттың әрбір файлының мөлшері 20 Мегабайт аспауы тиіс.

- Электрондық құжатқа және құжаттардың көшірмелеріне рұқсат етілген форматтар: *doc, *docx, *pdf, *jpeg, *xlsx.

- Қағаз тасығыштағы құжатты сканерлеу 1:1 масштабта қара-ақ немесе сұр түсте (дюйміне 200-300 нүкте сапасы) жүргізілуі тиіс, бұл барлық деректемелер мен түпнұсқалықтың шынайы белгілерін, атап айтқанда: тұлғаның графикалық қолтаңбасын, бланктің мөрін және бұрыштық мөртабанын (бар болса) сақтауды қамтамасыз етеді. Істі қарау үшін қажет болған жағдайда құжатта түрлі-түсті графикалық кескіндер немесе түрлі- түсті мәтін болғанда толық түс беру режимінде сканерлеу жүзеге асырылады.

- салынған құжаттар оқылуы керек.

- салынған құжат атауына сәйкес келуі керек.

- салынған құжаттар мен материалдар қосымшаға сәйкес келуі тиіс. Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған жағдайда, сот Сіздің өтінішіңізді тіркеуден бас тартады.