Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Сот отырысының аудиожазба көшірмесін беру туралы өтінішхат

Сіз осы сервистің көмегімен тізімдегі сот органына іс бойынша АБТ хаттамасының мазмұнымен танысу туралы өтінішхат беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге өтінішхаттың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» өтінішхатты қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Өтінішхаттың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.

Сервис арқылы сот отырысының хаттамалары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 820-1 бабына сәйкес беріледі.

Егер өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе, хаттаманың жүргізілуі міндетті емес.