Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Сот отырысының аудиожазба көшірмесін беру туралы өтінішхат

Сіз осы сервистің көмегімен тізімдегі сот органына іс бойынша АБТ хаттамасының мазмұнымен танысу туралы өтінішхат беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге өтінішхаттың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» өтінішхатты қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Өтінішхаттың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.

Сервис арқылы сот отырысының хаттамалары Қылмыстық-процестік кодекстің 347-бабына сәйкес беріледі.

Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайларда, іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазба және сот отырысының хаттамасы берілмейді, оларға аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.