Парақшаның жаңа нұсқасына өту

Құрметті пайдаланушы

Сіз "Сот кабинеті" сервисі хабарламаларын алушылар тізіміне қосылдыңыз. Сервис сот органдарына электрондық арыздарды (өтініштерді), шағымдарды және наразылықтарды беруге арналған бірыңғай рұқсат нүктесі болып табылады.

Сервис хабарламалары сот органына жолданған арыздарды (өтініштерді), сондай-ақ хаттарды қарау барысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін береді.

Хабарламаларды алу үшін Сізге office.sud.kz сілтемесі арқылы сервисте немесе сервистің мобильдік қосымшасында тіркелу және/немесе авторлану керек ( мобильдік қосымшаны жүктеу: ).

Тіркелу және/немесе авторлану үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болу керек.

Сервистің ақпараттық бетінде Сот кабинетімен және мобильдік қосымшасымен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар берілген.

Сот кабинетінде хабарламаларды Хабарлаулар бөлімінен көре аласыз, сондай-ақ push-хабарламаларды (қалқып шығатын хабарламаларды) алуыңызға болады.

Хабарламаларға рұқсат берген тұлғалар туралы толығырақ ақпаратпен Сот кабинетінің жеке кабинетінде таныса аласыз.