Жиі қойылатын сұрақтар
Chrome 42-нұсқасында және одан да кейінгі нұсқаларында NPAPI қосу бойынша толық ақпаратты алу үшін келесі сілтемемен өтіңіз: http://java.com/ru/download/faq/chrome.xml#npapichrome
Иә, Сіз заңды тұлға атынан өтінішті жеке тұлғаның ЭЦҚ-сымен қол қойып бере аласыз.
Талап арызды беру кезінде Сізге сенімхаттың скан-көшірмесін ("Талап арызға" қоса берілетін құжаттар» жолында) қоса тіркеу керек.
Заңды және жеке тұлғалар үшін жүйеде тек бір рет тіркелуге болады.
Егер Сіз жеке тұлғаға берілген ЭЦҚ-мен тіркелгіңіз келсе, онда сізге құпия сөзді қалпына келтіруді пайдалану керек.
Егер ЭЦҚ заңды тұлғаның атына берілсе, бірақ сіз бұрын тіркелмеген болсаңыз, онда сіздің ұйымыңыз басқа қызметкермен тіркелген болар. Сот кабинетіне кіру үшін БСН қолданып, құпия сөзді білу керек. Өтінішке ЭЦҚ-сында БСН бірдей заңды тұлғаның кез келген өкілі қол қоя алады, яғни қол қою үшін сіз өз ЭЦҚ қолдана аласыз.
Сіздің браузеріңіздегі Java жұмысын тексеру үшін http://java.com/ru/download/installed.jsp сілтемесі арқылы өту қажет. Java дұрыс күйге келтіру үшін осы ресурстың ақпаратын пайдаланыңыз.
Бұл хабарлама апплетті жүктеу 2 минут ішінде аяқталмаса шығуы мүмкін. Браузер бетін жаңартып көріңіз (F5 басыңыз)
Сіз сәйкес соттың кеңсесіне хабарласа аласыз (телефондары www.sud.gov.kz сайтында орналастырылған) немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Call-орталығына қалалық нөмірлерден тегін 1401 нөміріне, ұялы телефоннан 8 (7172) 71 00 00 нөміріне телефон шалуға болады.
Сот кабинетінде тіркелу кезінде Сіз одан кейін жүйеге кіру үшін қолданылатын құпия сөзді көрсетесіз. ЭЦҚ файлын таңдаған соң ЭЦҚ құпия сөзін көрсету керек (бастапқыда ол 123456 болады)
"Қызметтерді алу тарихы" бөлімі сервисті таңдаған соң екінші қойындыда орналасқан.
Мүмкін Сіздің ісіңіздің карточкасына Сіздің тіркелу деректеріңіз (ЖСН, БСН) көрсетілмеген болар.
Браузердің нұсқасын тексеріңіз және қажет болған жағдайда соңғысына дейін жаңартыңыз.
Сізге өзіңіз Сот кабинетіне кірген кезде көрсеткен ЖСН/БСН бірдей ЖСН/БСН бар үрдіс қатысушысын қосу керек.
Ол үшін Сізге “Үрдіс қатысушысын қосу” батырмасын басып, Сіздің есептік жазбаңызға сәйкес келетін тұлғаның типін таңдаңыз және үрдіс тарапын көрсетіңіз. Келесі терезеде Сіздің есептік жазбаңыздың ЖСН/БСН көрсетіп, қажетті жолдарды толтырыңыз.
Қағаз жеткізушіде кез-келген анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Электрондық құжатқа да оған заңды күшін беру үшін қол қойылады. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланамыз. Электрондық цифрлық қолтаңба –қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақтаулы, мысалы, ЖСН, және өзіне бірнеше цифрлық символдарды құрайды. ЭЦҚ-пен қол қойылған сұрау немесе құжат мәліметтер беру үрдісінде мәліметтердің өзгермегендігі және бұрмаланбағаны туралы ЭЦҚ кепіл береді. ЭЦҚ тегін беріледі.
ЭЦҚ-ны «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады, бұл үшін «http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/getecp&lang=kk» тарауында өтініш беру және қажетті деректерді толтыру қажет. Деректер толтырылғаннан кейін, нөмірі тағайындалған өтініштің электрондық нысаны автоматты түрде жасалады. Бұл өтінішті қағаз жүзінде басып шығару және Хақыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталықтарына 30 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.
Жаңа жеке куәліктер шығарумен қатар, сізде ЭЦҚ пайдаланудың және сақтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Енді сіздің ЭЦҚ әр уақытта өзіңізбен бірге болады, бұл қосымша қосымша ұтқырлық пен қауіпсізідкті қамтамасыз етеді. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жазып, кез келген ҚҚО-да «электрондық үкіметтің» қызметтерін пайдалана аласыз немесе Интернет желісіне қолжетімді кез келген компьютерден жеке куәлікті карт-ридерге қосу қажет. Жеке куәлік жоғалған кезде сіздің ЭЦҚ арнайы PIN-кодпен қорғалғаны жөнінде сенімді бола аласыз (банк картасына ұқсас).
Жаңа үлгідегі жеке куәлікке ЭЦҚ жазуды (электрондық ақпаратты тасығышы бар) Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Тіркеу орталықтарының операторлары іске асырады.
Қазіргі уақытта заңгерлр берген қорытындыға сәйкес ҚР ҰКО ЭЦҚ тіркеу куәлігі 16 жастан бастап беріледі.
Біз бұл рәсімді жеңілдету мәселесін бірталай қарастырдық, алайда «дұрысы» мен «бұрысын» ақылға салып, бүгінгі күнгі әрекет етуші рәсімді қалдыруға шешім қабылданды. ЭЦҚ-ны беруде барлық рәсімді Интернет арқылы беру мақсатқа сай емес, өйткені беделіне дақ түсіру қаупі артады. Ұлттық куәландырушы орталықтың операторы ЭЦҚ алуға өтінішті өтініш берушіні өзі бергеніне көзі жетуі керек. Егер де өтініш берушінің Ұлттық куәландырушы орталыққа өзінің жеке келу қажеттілігін алып тастаса, онда қастық ойлаушыларда Сіздің атыңызға қол алу, оларды өз мақсатына пайдалану - Сіздің атыңыздан мемлекеттік органдарға сұрау жіберу мен Сіздің жеке ақпаратыңызды алу мүмкіндігі болады.
Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеге және қолданыстағы техникалық талаптарға сәйкес ЭЦҚ-ның қолданыста болу мерзімі 1 жыл деп белгіленді. Бұл жерде берілген ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімінwww.pki.gov.kz сайтындағы «жеке кабинет» арқылы ұзарту мүмкіндігі қарастырылған, басқаша айтқанда сізге ХҚКО-на барудың қажеті жоқ. Сіз әр жыл сайын ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тағы бір жылға ұзартуыңызға болады. Басты шарт – ағымдағы ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімі аяқталғанша дейін уақытында ұзарту болып табылады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) жасау кезінде жабық кілт қолданылады. ЭЦҚ-ны тексеру кезінде ашық кілт қолданылады, ол ЭЦҚ-ны есептеу кезінде пайдаланылған жабық кілтке сәйкес келеді. Цифрлық қолтаңбаның тұрақты алгоритмін пайдалану шарты кезінде жабық кілтті пайдаланбай цифрлық қолтаңбаны қолдан жасау мүмкін емес. Егер өтініш берушінің ашық және жабық кілттер болмаса, ҚР ҰКО тіркеу куәлігін бере алмайды. Осыған байланысты ҚР ҰКО өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған оларды жасау үшін ақпаратты криптографикалық қорғаудың құралдарын (АКҚҚ, криптопровайдер) ұсынады.
Қазіргі сәтте бұл Java көмегімен www.egov.kz сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім беру рәсімінде іске асырылған. Яғни, өтініш беруші www.pki.gov.kz сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берген кезде оның есептеулік техника құралдарында (ДК, басты ақпаратты тасығыш) жабық және ашық кілттердің генерациясы іске асырылады. ХҚКО-да оның жеке басын сәйкестендіру іске асырылғаннан кейін ҚР ҰКО оның ашық кілттерінің негізінде тиісті тіркеу куәліктерін шығарады.
Электрондық цифрлық қолтаңба ҚР-ның кәмелеттік жасқа келген әрбір азаматына жеке беріледі. Сәйкесінше, Сіздің отбасыңыздағы «электрондық үкіметтің» қызметтерін және басқа ақпараттық жүйелер қызметтерін алуды көздейтін 18 жастан асқан барлық мүшелеріне жеке кілт қажет, өйткені ЭЦҚ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңға сәйкес, өзi қойған қолымен тең.
Өтініш беруші тіркеу куәліктерін шығаруға арналған өтінім беру кезінде сақтау орны ретінде келесі есептеу техникасының құралдарын таңдай алады:
Сіздің компьютер – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері дербес компьютердің қатты дискінде және файлдық жүйелерінде пин-код көмегімен қорғалған файлдар түрінде сақталады. Бұл сақталатын жердің басымдылығы аталған файлдарды пайдаланудың жеңіл болуы, ал кемшілігі – аталған файлдардың заңсыз көшірмесін жасау мүмкіндігі болып табылады.
Казтокен – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері Казтокен кілттік ақпараттың пин-код көмегімен қорғалған сыртқы тасығыштарында сақталатын болады. Бұл жерде сақтаудың абсымдылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасаудың мүмкін болмауы, ал кемшілігі – тасығыш сатып алу қажет болады.
Жеке куәлік – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпаратты тасығышы бар жеке куәліктерінде сақталады. Бұл жерде сақтаудың абсымдылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасаудың мүмкін болмауы, ал кемшілігі – карт-ридер сатып алу қажет болады.
КорганS – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу КорганS кілтті ақпараттың сыртқы қорғалған тасығышында сақталады. Бұл жерде сақтаудың абсымдылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасаудың мүмкін болмауы, ал кемшілігі – тасығыш сатып алу қажет болады.ХҚКО операторы пайдаланушыдан құжаттарды қабылдаған кезде бірден олардың дұрыстығы растауы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауапты хабарлауы тиіс. Егер құжаттарды тапсырғаннан кейін 2 күн ішінде сіздің өтініміңіздің мәртебесін ХҚКО операторы растамаса, бұл себепті анықтау үшін құжаттар тапсырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет.
Бұл үшін pki.gov.kz сайтында «Берілген өтінім мәртебесі» тарауын таңдау (https://web.pki.kz/order/order_status.xhtml ), өтінімді On-line тіркеу кезіндегі реттік нөмірін енгізу және «Өтінімді тексеру» түймешесін басу қажет». Өтінім мәртебесі «Сертификаттау орталығы өңдеді» деп көрсетілген кезде өзіңіздің тіркеу куәлігіңізді (сертификатты) ұсынылған сілтеме бойынша өтіп орнатуға болады.
Жеке куәліктерге жазылған тіркеу куәліктерінің жарамдылық мерзімін екі тәсілмен тексеруге болады:
pki.gov.kz сайтындағы жеке куәлік арқылы. Бұл үшін сіздің тіркеу куәлігіңіздің сериялық нөмірін есте сақтау және «Менің сертификаттарым» тарауында өзіңіздің тіркеу куәлігіңізді сериялық нөмірі бойынша табу қажет. Сіздің тіркеу куәлігіңіздің (сертификат) сериялық нөмірін жеке кабинетке кірген кезде білуге болады, бұл үшін сақтау орны ретінде «жеке куәлікті» көрсету, бұдан кейін кілттер тізімін жаңарту және жеке куәліктің пин кодын енгізу қажет. Бұдан кейін сіз тіркеу куәлігіңіздің (сертификаттың) сериялық нөмірін көре аласыз.
Қызметті онлайн e.gov.kz сайтында алуға болады. Қызметке қол кезінде тіркеу куәлігін (сертификатын) таңдағаннан кейін сізге қажетті ақпарат көрсетіледі.
2012 жылдың мамыр айының басында Ұлттық куәландыру орталығының әзірлемешілер командасы ҚР ҰКО бағдарламалық қамтамасыз етуінің жаңа нұсқасының жарық көргені туралы хабарлады.
Жаңа БҚ пайдалану мақсаты заңды және жеке тұлғалар үшін негізгі сертификаттарды ортаналастыруды жеңілдету болып табылады. Егер бұған дейін пайдаланушының Tumar CSP БҚ көмегіне жүгінуі қажет болса, ал бұл орнату кезінде ерекше күш жұмсауды талап етеді әрі Windows ОЖ-мен шектелген, қазір жаңа БҚ арқылы барлық әрекеттерді оңай іске асыруға болады.
Сонымен, айырмашылығы неде?
- Негізі сертификат – Сертификаттау орталығына тиесілі сертификат, оның көмегімен центр берген өзге сертификаттардың шынайылығы тексеріледі. Бағдарламалық қамтамасыз ету, мысалы, операциялық жүйе немесе браузер дұрыс жұмыс істеуі үшін негізгі сертификаттың браузерде немесе операциялық жүйеде дұрыс орналасуын тексеру қажет.
- Tumar CSP – бағдарламалық қамтамасыз ету, Windows тобының операциялық жүйесіне ГОСТ криптографиялық алгоритмін «енгізуді» орындады, ал оны басынан бастап қолдамайды. Яғни, ол операциялық жүйенің криптографиялық ішкі жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады, ал негізгі сертификат – бұл криптографиялық ішкі жүйесі пайдаланатын ақпарат.
Бұған дейін пайдаланушы күрделі тәсілмен Tumar CSP БҚ орнату қажет болатын. Сондай-ақ ол Windows операциялық жүйесіне байлаулы болуы тиіс, себебі Tumar CSP толыққанды осы ОЖ-да қызмет етеді.
Қолданыстағы ескі үлгідегі куәліктер(01.05.2012 ж. дейін берілген) негізінде тіркеу куәліктерін алу үшін пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес (http://pki.gov.kz/images/content/ruk_perevyp_regsvid_tumar_csp.doc) тіркеу куәлігін қайта шығару қызметін пайдалану қажет (pki.gov.kz сайтында сол жақта орналасқан баннер – ЭЦҚ МЕРЗІМІН ҰЗАРТҚЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ (TUMAR CSP)?). Бұл рәсім жеке кабинетке кірмей іске асырылады. Қателіктер орын алған кезде бұл қателіктің скриншотын жасау және техникалық қолдау орталығына 1414 нөмірі бойынша немесе support@pki.gov.kz электрондық почтасына өтініш беру қажет.
Бұл жағдайда қауіпсіздік жағдайында жақын жерде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге немесе тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш беру қажет. ҚР ҰКО жаңа тіркеу куәліктерін алу үшін пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес (http://pki.gov.kz/images/content/rar/instruk_fl_261212.doc) ҚР ҰКО тіркеу куәлігін шығаруға арналған жаңа өтінім беру және қажетті құжаттар пакетін өтінім беру кезінде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру қажет.
Тіркеу куәлігін (сертификатын) кері қайтару үшін пайдаланушы нұсқаулығымен (http://pki.gov.kz/images/content/ruk_pers_ofis.rar) танысуды сұраймыз, бұл жерде pki.gov.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы кері қайтаруға болады. Сондай-ақ сіз жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығана барып, тіркеу куәлігін кері қайтаруға өтінім бере аласыз.
Сіз 8 символдан артық пароль көрсеткен боларсыз, бұл Java өнім берушісінің экспорттық тыйымдар шеңберінен асып кетеді. Қазіргі уақытта пароль 6 символдан аспауы тиіс. Осыған байланысты өзіңіздің жаңа пароліңіздің бірінші 6 символын ғана енгізіңіз.
Жоқ, ЭЦҚ тіркеу куәліктерін тек жеке тұлғалардың жеке куәліктеріне ғана жазуға болады.
Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының құрылымында заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріледі және аталған заңды тұлға үшін қызметтер алу үшін пайдаланылады. Жеке пайдалану үшін (анықтамала және т.б. алу) ЭЦҚ-ны жеке тұлға ретінде өз атына алу қажет. Сондай-ақ барлығына ЭЦҚ ретінде танымал шын мәнінде тіркеу куәлігі деп аталады. ЭЦҚ – электрондық құжаттағы қолтаңба (оның ішінде ақпараттық жүйеге электрондық сұранымда) тіркеу куәлігінің көмегімен жасалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Куәландыру орталығының ағымдағы бағдарламалық қамтамасыз етуі Linux операциялық жүйесімен жұмыс істеуді қолдайды.
Mac OS операциялық жүйесінде ЭЦҚ-мен толыққанды түрде жұмыс істеуге болады. Толық нұсқаулықпен http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/help/instructions танысуға болады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны Windows 7 32-bit, сондай-ақ 64 bit операциялық жүйесінде пайдалануға болады. Жаңартылған БҚ-ны пайдалану операциялық жүйелердің түрлі дәрежесіндегі барлық шектеулерді алып тастайды.