Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Қарсы талап қою Тізімге қайта оралу
Сіз осы сервистің көмегімен сотқа қарсы талап қою мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге қарсы талап қоюдың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» қарсы талап қоюды қарау барысын қадағалап отырасыз.

Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Қарсы талап қоюдың электрондық нысанын толтырыңыз. Қарсы талап қоюдың электрондық нысаны бір немесе бірнеше талап қоюшылар және жауапкерлер (жеке/заңды тұлғалар) деректерін енгізу мүмкіндігін береді.

3. Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектің скан-көшірмесін қоса тіркеңіз.

4. Қарсы талап қоюға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

5. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 153-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 153-бабы 2-бөлігіне сәйкес егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.


Құрметті Пайдаланушы!

Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оны соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қолдану қағидалары электрондық құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Төменде электрондық құжатқа қойылатын бірқатар талаптар және оны беру тәртібі келтірілген:

- Құжаттар мәтіндік форматта ресімделуі тиіс (қаріп 14 TimesNewRoman, жоларалық интервал).

- Әр құжат жеке файл ретінде жүктеледі.

- Файл атауы құжатты анықтауға мүмкіндік беруі керек.

- Файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.

- Электрондық құжаттың әрбір файлының мөлшері 20 Мегабайт аспауы тиіс.

- Электрондық құжатқа және құжаттардың көшірмелеріне рұқсат етілген форматтар: *doc, *docx, *pdf, *jpeg, *xlsx.

- Қағаз тасығыштағы құжатты сканерлеу 1:1 масштабта қара-ақ немесе сұр түсте (дюйміне 200-300 нүкте сапасы) жүргізілуі тиіс, бұл барлық деректемелер мен түпнұсқалықтың шынайы белгілерін, атап айтқанда: тұлғаның графикалық қолтаңбасын, бланктің мөрін және бұрыштық мөртабанын (бар болса) сақтауды қамтамасыз етеді. Істі қарау үшін қажет болған жағдайда құжатта түрлі-түсті графикалық кескіндер немесе түрлі- түсті мәтін болғанда толық түс беру режимінде сканерлеу жүзеге асырылады.

- салынған құжаттар оқылуы керек.

- салынған құжат атауына сәйкес келуі керек.

- салынған құжаттар мен материалдар қосымшаға сәйкес келуі тиіс. Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған жағдайда, сот Сіздің өтінішіңізді тіркеуден бас тартады.