Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Сырттай шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен соттар тізіміне сәйкес сырттай шешім шығарған сот органына сырттай шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге арыздың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 264-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапкер немесе оның өкілі өкілеттіктері болған кезде сырттай шешім шығарған сотқа осы шешімнің күшін жою туралы сырттай шешімнің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде арыз беруге құқылы екендігіне назар аударыңыздар.

Сырттай шығарылған шешімнің күшін жоюға негіздер Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 265-бабымен қарастырылған.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.