Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Төреліктің, аралық сот және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыз Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервис көмегімен істің соттылығы бойынша сотқа арыз беру мүмкіндігін аласыз. Осы ретте Сізге арыздың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектің скан-көшірмесін қоса тіркеңіз.

4. Арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

5. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 535-бабы бірінші тармағы 11-тармақшасына сәйкес атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарын беру туралы арыздардан 500 пайыз мемлекеттік баж алынады.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.