Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервис көмегімен сот актісін шығарған сотқа атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз жіберу мүмкіндігін аласыз. Осы ретте Сізге арыздың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектің скан-көшірмесін қоса тіркеңіз.

4. Арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

5. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 535-бабы бірінші тармағы 11-тармақшасына сәйкес атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарын беру туралы арыздардан 500 пайыз мемлекеттік баж алынады.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.