Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Сот актілерінің көшірмелерін қайта беруге арыз Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервис көмегімен сот актісін шығарған сотқа сот актісінің көшірмесін беру туралы арыз беру мүмкіндігін аласыз. Осы ретте Сізге арыздың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып, жіберіңіз.


Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 535-бабы бірінші тармағы 12-тармақшасына сәйкес сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшірмелерді (телнұсқаларды), сондай-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан – әрбір құжат үшін 10 пайыз, сондай-ақ әрбір дайындалған бет үшін 3 пайыз мемлекеттік баж алынады.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.