Парақшаның жаңа нұсқасына өту

Сіз осы сервистің көмегімен заңды күшіне енген талап қою арызына, апелляциялық шағымға, сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхатқа пікір беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге пікірдің жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» пікірді қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Пікірдің электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Пікірге қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 166-бабына сәйкес жауапкер талап қоюға қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, талап қою арызына пікірді сотқа ұсынады. Судья үш жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да адамдарға жібереді не ұсынады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 408-бабына сәйкес іске қатысатын адам апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып жібереді.

Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысатын басқа да тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат та қоса беріледі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 446-бабына сәйкес іске қатысатын адам немесе оның өкілі қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сот актісін қайта қарау туралы өтiнiшхатқа, ұсынымға немесе наразылыққа пiкiрдi iске қатысатын басқа да адамдарға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жiбереді.

Іске қатысатын басқа да адамдарға пiкiрдiң көшiрмелерi жiберiлгенiн растайтын құжат та пiкiрге қоса беріледi.

Пiкiр кассациялық сатыдағы сот өтiнiшхатты немесе наразылықты қарауды бастағанға дейiн онымен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн, сот белгiлеген мерзiмде жiберiледi.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.