Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудиожазбаның мазмұнына ескертулер беру Тізімге қайта оралу

Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулердің электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 284-бабына сәйкес іске қатысатын адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасымен, қысқаша хаттамамен, аудио-, бейнежазбаның мазмұнымен олар дайындалған және оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде танысуға құқылы.

Көрсетілген тұлғалар танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға жасалған процестік әрекеттердің және олардың нәтижелерінің тіркелуінің толық еместігін көрсете отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.

Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулер олар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 384-1 бабы «Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер»

Басты сот талқылауының қысқаша хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде тараптар, сондай-ақ өзге де адамдар сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен және қысқаша хаттамасымен танысуға, жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.