Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты) Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына заңды күшiне енген сот актiлерiн кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге өтінішхаттың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» өтінішхатты қарау барысын қадағалап отырасыз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртiппен қайта қарауы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі 436-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға өтiнiшхат, наразылық берілуі мүмкін.

2. Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өтінішхат шағым жасау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қарағаннан кейін, ал бас тартылған жағдайда – апелляциялық сатыдағы сот жеке шағымды, наразылықты, апелляциялық шағымды қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.

3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау жағдайларына қолданылмайды.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Өтінішхаттың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 487-бабына сәйкес:
  1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну беру мерзімдері шектелмеген.
  2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын сот қадағалауы тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық, ұсыну беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.

Егер көрсетілген мерзім өткізіп алынған болса, оны қалпына келтіруге жол берілмейді. Сот қадағалау сатысында өтінішхатты, наразылықты, ұсынуды алдын ала қарауды және сотталған, уақытында келіп түскен қадағалау өтінішхаты, наразылығы, ұсынуы бойынша ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдай отырып, істі қарауды дау туғызып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап бір жыл өтіп кеткен соң да жүзеге асыра алады.

Сот актiлерiн кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар мазмұнына Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 441-бабымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 488-бабымен талаптар қойылады.

Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.