Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз Тізімге қайта оралу

Сіз осы сервистің көмегімен "Сот кабинеті" сервисінде көрсетілген соттар тізіміне сәйкес сот органына оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шығарылған шешімнің күшін жою туралы арызды беру мүмкіндігіне ие боласыз. Осы ретте Сізге арыздың жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды қарау барысын қадағалап отырасыз.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Назар аударыңыз! ҚР Азаматтық процестік кодекстің 147-бабы 2-бөлігіне сәйкес жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі.


Құрметті Пайдаланушы!

Электрондық құжатқа қойылатын техникалық талаптар және оны соттың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қолдану қағидалары электрондық құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Төменде электрондық құжатқа қойылатын бірқатар талаптар және оны беру тәртібі келтірілген:

- Құжаттар мәтіндік форматта ресімделуі тиіс (қаріп 14 TimesNewRoman, жоларалық интервал).

- Әр құжат жеке файл ретінде жүктеледі.

- Файл атауы құжатты анықтауға мүмкіндік беруі керек.

- Файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек.

- Электрондық құжаттың әрбір файлының мөлшері 20 Мегабайт аспауы тиіс.

- Электрондық құжатқа және құжаттардың көшірмелеріне рұқсат етілген форматтар: *doc, *docx, *pdf, *jpeg, *xlsx.

- Қағаз тасығыштағы құжатты сканерлеу 1:1 масштабта қара-ақ немесе сұр түсте (дюйміне 200-300 нүкте сапасы) жүргізілуі тиіс, бұл барлық деректемелер мен түпнұсқалықтың шынайы белгілерін, атап айтқанда: тұлғаның графикалық қолтаңбасын, бланктің мөрін және бұрыштық мөртабанын (бар болса) сақтауды қамтамасыз етеді. Істі қарау үшін қажет болған жағдайда құжатта түрлі-түсті графикалық кескіндер немесе түрлі- түсті мәтін болғанда толық түс беру режимінде сканерлеу жүзеге асырылады.

- салынған құжаттар оқылуы керек.

- салынған құжат атауына сәйкес келуі керек.

- салынған құжаттар мен материалдар қосымшаға сәйкес келуі тиіс. Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған жағдайда, сот Сіздің өтінішіңізді тіркеуден бас тартады.