Парақшаның жаңа нұсқасына өту
Сот бұйрығының күшін жою туралы арыз Тізімге қайта оралу

Осы сервистің көмегімен сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмесін алған немесе оның шығарылғандығы мәлім болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде борышкер мәлімденген талапқа қарсылық беруге, ал құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа адам шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз (қарсылық) жіберуге құқылы. Осы ретте пайдаланушыға арыздың (қарсылықтың) жеткізілу кепілдігі беріледі, сондай-ақ тікелей «Сот кабинетінде» арызды (қарсылықты) қарау барысын қадағалап отырады.


Онлайн сервисті қалай қолдану керек?

1. «Сот кабинетінде» авторлану қажет.

2. Арыздың/қарсылықтың электрондық нысанын толтырыңыз.

3. Арызға/қарсылыққа қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз.

4. Оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойып жіберіңіз.


Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 141-бабы 4-бөлігіне сәйкес қарсылықтарға осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адам немесе оның өкілі қол қояды. Қарсылықтар электрондық құжат нысанында берілген кезде ол борышкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл беретін қарсылықтарға оның өкілеттігін куәландыратын сенімхат қоса берілуге тиіс.


Тіркелетін әрбір файлыңыздың өлшемі 20 MB аспауы керек.